Мәдениет

"Love Story түсіруді ойламаппыз": Нұрболат Абдуллин әйелін алғаш рет бейнебаянына түсірді (видео)

Әнші Нұрболат Абдуллин әйелін бейнебаянына түсіріп, клипті жарыққа шығарды

Әнші Нұрболат Абдуллин тыңдармандарына жаңалығын айтты. Өнер иесі алғаш рет бейнебаянына әйелін түсірген, деп жазады KYN.KZ.

"Біз кезінде Love story түсіруді ойламаппыз. "Махаббат аспаны", YouTube арнамнан көрсеңіздер болады", - деп жазды Нұрболат Абдуллин Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары әнші мен жұбайына сүйсініп, бақыт тілеп пікір жазды.

"Әйеліңіз әп-әдемі", "Керемет", "Осыған дейінгі клиптерге де түскенде, күшті болар еді", "Жұптарың жазылмасын", "Жарасып тұрсыздар", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Бақытты болыңыздар", - деп пікір білдірді желідегілер.