Директор жұмыстан қуылды. Алматы қаласындағы мектепте оқушылар бір-бірін таптап кеткен (видео)
Аталмыш мектепте екі ауысыммен 1426 оқушы білім алады, мектеп жобалық саны 870 орынға арналған.
Алматыда №41 мектептің директоры желіде тараған мектеп гардеробындағы келеңсіз жағдайдан кейін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп.
«27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде бір топ оқушылар тапталып қалды. Оқиғаға көрсетілген күні оқушылардың киім ауыстыру тәртібі дұрыс қадағаланбауы себеп болды. Бұл мектепте бұрын соңды мұндай жағдай болған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу үдерісін ұйымдастыруға бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылды», - деп хабарлады білім басқармасы.
Аталмыш мектепте екі ауысыммен 1426 оқушы білім алады, жобалық саны 870 орын.
«Бұл мектепте орын тапшылығын шешу үшін 2023 жылы «Самғау-2» шағын ауданында 2 мың орындық жайлы мектептің құрылысы басталды», - деп хабарлады білім басқармасынан.