"Үйленгенін құрбымнан естідім": Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерген кезде қыздары қасына жоламай қойған
Абай Бегейдің қызы Сымбат өгей анасымен танысқан кезін еске алып, жазба жариялады.
Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат екінші анасымен танысқан кезін еске алып, жан сырын ақтарды. Ол әкесінің екінші мәрте шаңырақ көтергенін құрбысынан естіген, деп жазады KYN.KZ.
Сымбат Абайқызы әкесінің үйленгенін қабылдай алмағыны жасырмады. Алайда өгей анасымен араласа келе оның жақсы адам екеніне көзі жеткен. Әншінің қызы әкесінің екінші әйелімен қалай танысқанын Instagram парақшасында айтып берді.
"Көпшіліктің сұрауы бойынша бүгін апаммен таныстығымыз жайында жазғым келіп отыр. Ең алғаш рет менің туған күнімде кездестік. Әкем Алматы қаласына арнайы туған күнімді тойлау үшін ұшырып әкелді. Туған-туыстарымызбен мейрамханада бас қостық. Бір кезде Рахман деген ағаммен қазіргі апам кіріп келді. Мен Рахман ағаның құрбысы шығар деп ойладым. Қайдан білейін, менің болашақ анам болатынын. Сонымен, әңгімеміз жарасып, күшті сөйлесіп кеттік. Алматыда бірнеше күн болып, Ақтауымызға қайттық. Бір күні сабақтан келіп, Аминокпен есік алдына ойнауға шықсақ, сыртта барлығы бізге тесіле қарап бастады. Түсінбей қалдым, бір кезде құрбым: "сенің папаң үйленіп жатыр ма не?" деп сұрады. Мен “жоқ” деп тұрсам, әлеуметтік желіден көрсетті. Әкем мен апам төрде отыр. Сол кездегі менің жағдайымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмады", – деп жазды ол.
Абай Бегей шаңырақ көтерген соң қыздары онымен сөйлеспей қойған. Үлкен қызымен екі жылдай араласпай кетсе, екі кішкентай қызы оның қасына жоламай қойған. Өнер иесінің перзенттері өгей анамен тіл табыса алмай, арада көптеген түсініспеушілік болады деп қорыққан. Олар тіпті әкесінің әйелі қол көтеретін шығар деп ойлаған.
"Сол күні Амина екеуіміз қатты жыладық. Бала болсақ та, “өгей шешеміз ұрса қайтеміз?” деп ойлап үлгердік. Ерке папаға хабарласып, қатты ұрысты. Ертеңіне әкеміз Алматыдан ұшып келді. Үйге үлкендер жиналып, қатты айқай болды. Бізге төрт жыл көмектескен анамның сіңлісі Тоты әпкеміз үйден кетті. Әкеміздің қасына ешқайсымыз жоламай қойдық. Бір күні әкем: "Алматыға қыдырамыз" деп бізге билет алып қойғанын айтты. Үйге жеткен соң, тіке төргі бөлмеге кіріп кеттік. Бірақ апамыз бізді жақсы қарсы алып, күтті. Әңгімеге араласып, жақсы адам екеніне көзіміз жетті. Алматыға қыдырып барып, сол қалада тұрақтап қалдық. Апамды көрген сайын, сол қылықтарымыз еске түседі. Кішкентай күнімізде сынақтың астында қалдық. Өмірлік сабақ алдық. Қазір бәрі жақсы. Апам Аминок екеумізді ерекше жақсы көреді. Апамды сыйлаймын, құрметтеймін”, – деп жазды Сымбат.