Шымкентте камин пешінен бір адам уланып қаза тапты: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
- автор kyn.kz
- 28 ақпан, 2024
- 792
Мамандардың мәліметінше, жылыту пеші дұрыс орнатылмаған әрі сыртқа шығарылған жасанды мұржа дұрыс тартпаған, деп хабарлайды KYN.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, иістен уланғандар үйде бір тәулікке дейін жатып қалған болуы мүмкін.
Көз жұмған әйел -Игілік тұрғын алабының 55 жастағы тұрғыны. Оның 1997 жылғы ұлы мен 3-4 жастағы екі немересі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың түскен кездегі жағдайлары өте ауыр болғанын айтады. Әкелі- балалы науқастардың халі әлі де ауыр деп бағалап отыр.
Мадина ЕРМАХАНБЕТОВА, Т.ОРЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ГИПЕРБАРИЯЛЫҚ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Олар жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Үлкен азаматқа невролог кеңесі тағайындалды. Және кішкентай балаларға да нәрестелерге де қалалық балалар ауруханасынан қосымша невролог және реаниматолог мамандарын шақырдық. Қажетті емнің бәрін толық күйде алып жатыр.