Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорған полициясының қыз зорлады деп айыпталған экс-басшысына қатысты сот басталды

Талдықорған полициясының қыз зорлады деп айыпталған экс-басшысына қатысты сот басталды
zhetysu.gov.kz
Сот істі қарауды бастады

Талдықорған полициясының қыз зорлады деп айыпталған экс-басшысына қатысты сот басталды.

"Талдықорған қалалық сотында ҚР ҚК-ның 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айыпталып отырған күдікті К-ге қатысты қылмыстық істі қарау басталды ("адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау"). Процесс жабық режимде өтеді", - деп хабарлады Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар