Қоғам

Бас прокурордың орынбасары Самат Әбіштің қайда екенін айтты

Прокурор Самат Әбіштің соттағы статусын атады

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып KYN.KZ  тілшісі.

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.

Әсет Шындалиев ол ешқайда кетпегенін атап өтті.

Ол іс жабық өтіп жатқанын, істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғалған болатын.

Еске салайық, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.