Мәдениет

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова 10 млн теңге гонорарға лайық актердің кім екенін атады

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова шамасы келсе, қай актерге қанша гонорар беруге дайын екенін айтты

Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында отандық актер мен актрисалардың 500 мың теңгеге тек эпизодқа түсетінін жеткізді, деп жазады KYN.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі экраннан 500 мыңнан 10 млн теңгеге дейін гонорар бағасын шығарып, продюсердің бұл соманы кімге төлеуге дайын екенін сұрады.

"500 мың теңгеге тек эпизодқа түседі. Жобаға, басты рөлге ешкім түспейді.

Актерлерімді мұндай бағамен төмендетпеймін. Күніне 1 млн теңге Нұргүл Мыңғатоваға төлейтін едім. Сондай сома төлеуге қауқарым жетсе, төлейтін едім. Әттең, қолдың келтесі-ай болады ғой. Қол қысқа. Күніне 1,5 млн теңгені актер Дәурен Серғазинге, 2 млн теңге гонорарды Дулыға Ақмолдаға төлейтін едім. 3 млн теңгені жасы үлкен, аталар мен апаларды ойнайтын аға буын өкілдеріне беретін едім. Шамам келгенше, иығына шапан жауып, жоғары гонорар беруге тырысамын.

Бірақ олар арамызда қанша уақыт жүреді дейсіз? Асыл қария, қарттың рөлін ойнап жүрген актер мен актрисаларға беретін едім. Ал 5 млн теңге гонорарды 4-5 күн түсірілімі үшін Қайрат Әділгерейге беретін едім. Күніне 7 млн теңгені ешкімге бермеймін. Қандай да бір линия үшін Берік Айтжановқа, Азамат Сатыбалдыға беремін. Олардың сериалдағы гонорары сондай болуы мүмкін. 10 млн гонорарды "Келінжан" телехикаясындағы Лейло Бекназарға беретін едім", - деді Гүлнұр Мамасарипова.