"Бәрі де уақытша":Ақбота Керімбекова тыңдармандарына ниеттерін түзеуге кеңес берді
Әнші әлемдегі барлық қасірет пен апат адамдардың пиілінен келетінін ескертті.
"Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау?
Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана. Атақ, даңқ, дүние, мансап - шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым ғой. Қолға ұстаса, суcып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас", - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында.
Оқырмандары әншінің ойы дұрыс екеніне келісіп, әдемі сөйлеп, әдемі өмір сүру керектігін жазған.