Мәдениет

Әли Оқапов ұлының тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаева немересі Зейіннің бір жасын дүркіретіп атап өтті.

Өнер иесінің қуанышына ет-жақындары бірқатар шоу-бизнес жұлдызы жиналған, деп жазады KYN.KZ.

Зейін Әлиұлының алғашқы туған күні Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен.

Оған жұлдызды жанұяның ет-жақындары мен өнердегі достары шақырылды. Әли Оқаповтың қуанышына ортақтасып келген жұлдыздар арасында Азамат Сатыбалды, Дулыға Ақмолда, Гүлназ Жоланова, Тимур Балымбетов, Данияр Өтеген, "Асыл" тобы және т.б бар. 

Туған күн иесінің тұсауын кесу мәртебесі белгілі қазақстандық актерлер Азамат Сатыбалды мен Дулыға Ақмолдаға берілді. Қос әртіс Әли Оқаповтың ұлына ақ батасын беріп, тұсауын кесті. "Құрметті aғаларым! Біздің өтінішімізді жерге тастамай, қолдап, Зейіннің тұсауын кесіп бергендеріңіз үшін мың алғыс. Зейіннің танымал актер болып кететін түрі бар. Отбасымыздың атынан басымызды иеміз, рахмет", - деп алғысын білдірді той иесі.