Денсаулық

Оралдық дәрігер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды

Дәрігер балаға қажетті массажды жасап, 15 минут ішінде өзіне келуіне жедел көмектескен.

Биыл 11 ақпанда оралдық дәрігер ұшақ бортында жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды. Сәбидің анасы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы-Орал бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында диспансер есебінде тұрған 1 жасар сәбидің жүрегі тоқтап қалған. Ұшақ бортында болған дәрігер Гүлсім Жұмағалиева баланың өмірін сақтап қалған. Баланың анасы Айнаш Жалмұқанова дәрігерге алғысын білдірді.