Басты жаңалықтар

Шымкенттіктер Алғыс айту күнінде миллион бауырсақ пен құрт таратты (ВИДЕО)

Бауырсақты қыз-келіншектер түні бойы пісіріп, таң ата қаланы атарбамен аралап, таратқан

Шымкентте Алғыс айту күніне орай миллион бауырсақ пен құрт таратылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Онда мереке таңертеңнен бастап тойланып жатыр. Қаланың бірнеше жерінде тұрғындарға бауырсақ пен құрт таратылған. Саны шектеулі, бірақ тұп-тура миллион бауырсақ.

Хош иісті бауырсақты қыз-келіншектер түні бойы пісіріп, таң ата қаланы атарбамен аралап, таратқан. Осылайша, оңтүстік тұрғындары көктемнің алғашқы күні мен Алғыс айту күнін тойлауды жөн көрді. Алғашқы дәм татқандар қуанып, өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ желіде Шымкент қаласында Алғыс айту күнін ерекше атап өтіп жатқаны түсірілген видео да тарады.