Қоғам

Қырғызстанда қайтыс болғандарды өртеуге рұқсат берілді

Қырғызстанда крематорийлер салынады. Олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады.

24.kg сайтының жазуынша, Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты.

Сондай-ақ елде марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар аз емес.

Депутат крематорийлер үкімет қаржысына Қырғызстан қалаларында ғана салынатынын айтты.