Мәдениет

Әнші Ділназ Ахмадиева алғаш рет сүйіктісін көрсетті

Әнші: ешқашан өзгеруден қорықпаңыз.

Дильназ Ахмадиева қазіргі уақытта аса бақытты өмір сүріп жатқанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, жан сырын ақтарды.

"Әрбір қыз-келіншекке өміріңіз ұнамаған жағдайда өзіңізді өзгертудің маңыздылығын көрсеткім келеді. Алғашқы қадам жасаңыз. Көп күттірмей нәтижесін де көресіз", - деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы ыстық мекенде ұлы мен сүйіктісімен бірге демалуда. Ахмадиева желі қолданушыларын қуантып, желіде алғаш рет ғашығын көрсетті. Фотода әнші мен ер азаматтың бассейннің қасында бір-біріне күлімдеп отырғанын байқауға болады.