Қоғам

20 жастағы қазақстандық қызды жезөкшелер үйіне сатып жіберген

Іс Оңтүстік Кореяда қаралды.

Оңтүстік Кореяда полиция шетелдік әйелдерді елге алдап шақырып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды  KYN.KZ  тілшісі  Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыстық топқа қатысты іс Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралды. Сотталушыларға шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген айып тағылды.