Түркістан облысында оқушы қыз сыныптастарымен жанжал кезінде мектептің үшінші қабатынан құлап кетті
14 жастағы қыздың омыртқасы сынған
Түркістан облысында 8-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болды.
Физика пәні кезінде мұғалім сыныпта болмаған. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Көп ұзамай жоғары қабаттағы терезеден оқушылардың бірі құлап кеткен. Ауыр жарақат алған Аружанның жақындары оқушының өзі секіргенін, не абайсызда құлап кеткенін білмейді. Тексеріс басталды. Ал ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.