Мәдениет

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алып, ең бақытты кездері жайлы айтты

Журналист: Қайрекеме алғысым шексіз...

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасына Алғыс айту күніне орай марқұм күйеуін есіне алып, оған айтар алғысы шексіз екенін жеткізді. Сұлтанқызының өмірдегі ұстанымдарын қолдап, қолға алған жоспарларына демеу болған жан жарына алғысы шексіз, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем", – деп жазды журналист желідегі парақшасына.