Басты жаңалықтар

Қостанайда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрды (видео)

Қазір істі құқықтық орган қарауына алды.

Тәрбиешінің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі. Әйел кісі орындықты алып келе жатқан баланы ұрып, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызды.

«Костанайские новости» мәліметінше, болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасап үлгерді.