Қоғам

Қазақстанда Facebook, Youtube пен Instagram желісінің істемей қалу себебі айтылды

5наурыз күні кештен бастап әлеуметтік желілер істен шыққан еді.

Facebook қайта авторизация сұрайды. Логин мен кілт сөзді қабылдамайды. Youtube пен Instagram парақшалар да жаңармай тұр.

Әлеуметтік желілердің басшылығы бұл жағдайға байланысты түсініктеме берген жоқ.

Дүние жүзіндегі әлеуметтік желілердің жұмысын бақылайтын Downdetector сайтында Facebook жұмысындағы ақау туралы 90 мыңнан астам қолданушы хабарлады. Instagram-дағы ақаулық туралы 50 мыңнан астам қолданушы шағымданған.

Әлеуметтік желілерден жаппай ақау шығуының ықтимал себептерінің бірі – Қызыл теңіздегі интернет магистралінің зақымдалуы деп жазады әлемдік БАҚ көздері.

Йемендегі хусит көтерілісшілері Қызыл теңіз түбінен өтіп, ғаламдық интернет пен телекоммуникацияның жұмысын қамтамасыз ететін үш кабельді үзді, деп хабарлайды Associated Press.

Үзілген кабельдер Еуропаны, Азияны және Африканы байланыстырды және Қызыл теңіз арқылы өтетін трафиктің 25% қамтамасыз еткен, деп атап өтті Гонконгта орналасқан HGS Global Communication Limited.