Денсаулық

Жер сілкінген сәтте ауруханадан қашып кеткен Сәбит Әбдіхалықов қазіргі жағдайын айтты

Бұған дейін Әбдіхалықов өзіне ауыр ота жасалғанын айтқан еді

Осыдан оншақты күн бұрын актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне күрделі ота жасатты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында қазіргі жағдайын айтты.

Әбдіхалықовтың айтуынша, екі аптадай ауруханада жатқан.

"2016 жылы инфаркт алғанмын. Содан кейін жүрегімнің жағдайы дұрыс болмады. Жүрегіме ота жасап, жаңа тамыр салды. Аллаға шүкір! Бір Алланың қолында.

Екі апта енді болды. Жақсы, шүкір. Ниеттеріңізге рахмет! Біздің Қазақстанда кардиология жақсы дамыған. Қазақстанның біраз қаласында кардиология бөлімінде жаттым. Жүрегіме 5 стенд қойдырдым", - деді Сәбит Әбдіхалықов.

Ол отадан кейін ағзасын тазартып, дәрумендерге байыту мақсатында ем алып жатқан. Жер сілкінісі болған сәтте үйіне кетіп қалыпты.

"Ұйықтап жатқанмын палатада. Бүкіл жер дүрілдеп кетті. Ұйқылы ояу  сондай бір жерде шығармын деп ойладым басында. Артынан бүкіл палата сілкініп кетті. Заттарымды алып, үйге шығып кеттім",-дейді актер.

Жүргізіші Аман Тасыған болса желіде аурухана қызметкері "Тіпті емделуші жарасын таңған маталарды шешіп, қашып кетіпті" деген видеодағы сіз емес пе жеп қалжыңдап сұрады.

Еске сала кетейік, ақпан айында Сәбит Әбдіхалықовтың жүрегіне 5 сағатқа созылған ота жасалған болатын.