Спорт

Қазақстандық шаңғышылар ТҮРКСОЙ кубогын жеңіп алды

Түркияның Кайсери қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен шаңғытебуден ТҮРКСОЙ кубогы өтті. U14 әйелдер ТҮРКСОЙ кубогын Валерия Дубовская (Қазақстан)жеңіп алса, U14 ер адамдар ТҮРКСОЙ кубогын Денис Шевченко (Қазақстан) иеленді.

Түркияның Кайсери қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен шаңғытебуден ТҮРКСОЙ кубогы өтті. U14 әйелдер ТҮРКСОЙ кубогын Валерия Дубовская (Қазақстан)жеңіп алса, U14 ер адамдар ТҮРКСОЙ кубогын Денис Шевченко (Қазақстан) иеленді. Бұл екі топтағы күміс және қола медальдерді тағы да қазақ спортшылары иеленді. U16 әйелдер ТҮРКСОЙ кубогын Ямур Сусам (Түркия), ал U16 ер адамдар ТҮРКСОЙ кубогын Метехан Айдын (Түркия) иеленді. Сондай-ақ ересектер арасында Всеволод Борзенков топ жарып, ТҮРКСОЙ кубогын жеңіп алды.

Қазақстанның Алматы қаласынан «Oi-Qazagai» шаңғы командасының негізін қалаушы әрі жаттықтырушы Борзенков Түркияға қазірдің өзінде ғашық боп қалғанын, ерекше сезімді тұрғанын атап өтті. «Шаңғы жолдары өте керемет, ыңғайлы. Балаларға да, маған да қатты ұнап жатыр. Сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Бізге тек жарыста топ жарып жеңу ғана қалды. Топ жардық. Қазақстанымыздың намысын қорғадық. ТҮРКСОЙ ұйымына алғысымыз шексіз»,  – дейді ол. 

 U14 және U16 санатындағы және ересектер арасындағы 60-қа жуық спортшы бақ сынасқан бәсекеге Қазақстанмен қатар, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Солтүстік Македониядан келген спортшылар қатысты. Бұндай шараны өткізу – жастардың бауырлас, достық қарым қатынастарын нығайтады дейді ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайт Юсуф. «Слалом тәртібінде өткізіп отырған жарысымыз өте үлкен деңгейде өтті. Бізге осы шараны ұйымдасқан Кайсери әкімі Гөкмен Челикке, Мурад Джавид Чыңгыға, Erciyes A.Ş. компаниясының басшысы Хамди Елджуманға, Жастар және спорт министрлігі Кайсери провинциясының директоры Али Ихсан Кабакчыға, Hacılar мэрі Билал Өздоғанға, Hacılar ауданының әкімі Бурак Дертлиоғлуға алғысым шексіз», деді ол.

Сайт Юсуф сөз соңында бұндай шаралардың алдағы уақытта да ұйымдастырылатынын атап өтті.