Қоғам

Алматы әуежайында жалған төлқұжат ұсынғандар ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдалану әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ  тілшісі хабарлайды.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 1 наурызында Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде жалған құжаттармен Франция Республикасының 2 азаматы ұсталған.

«Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 дерегінің жолын кесті», –  делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптқа тартылатынын хабарлайды.