Экономика

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған активтерінің сомасы ондаған миллиардқа өсті

Антикордың брифингінде сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыдан өндірілген мүліктің көлемі қанша екені айтылды.

Қайтырылған сома ондаған миллиардқа өскен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, 2022 жылдан бері мемлекетке 1 триллион теңгеден астам мүлік қайтарылған.

"Оның 732,8 млрд теңгесі Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аясында қайтарылды", - деді ол.

Сондай-ақ агенттік өкілінен Қайрат Сатыбалдыұлының "темір тордың ар жағында" отырып, қонақүй сатып алғаны туралы ақпаратқа түсінік беру сұралды. Арман Тілеукенов мән-жайды анықталып жатқандықтан, әзірге ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, биыл қаңтар айының басында Сатыбалдының мемлекетке қайтарған мүлкінің жалпы сомасы 650 млрд теңге екені белгілі болған еді. 2024 жылдың ақпан айында Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке қосымша 44,6 миллиард теңге қайтарылды.