Антикор мемлекеттік қызметкерлерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады
Агенттік өкілі шенеуніктер жемқорлыққа бармас бұрын, алдағы өмірі қандай болатынынан хабардар болуы керек деп есептейді
Антикордың мәліметінше, профилактикалық шараға қатысушыларға қылмыскерлерді ұстау камералары мен тұтқындардың серуендеу орындары көрсетіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот отырысына да қатыстырылады.
Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, мұндай іс-шара түрменің ауыртпалығын сезінуге, олардың салдарымен танысуға мүмкіндік береді.
Ол мұндай экскурсия қорқытып-үркіту шарасы емес екенін атап өтті.