"Сынақ берілді":Нұрлан Абдуллин отбасы, бес немересі жайлы айтты
Әнші: Балаларым бізден бөлек тұрады.
Нұрлан Абдуллин отбасымен бірге тұрмайтынын айтып, балалары мен немерелері жайлы жүрек тебірентерлік әңгімесін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
"Ұлым 17-18 жасқа келгенде, "Әке, бірге жаңа жыл қарсы алатын уақыт бола ма?" деген болатын. Сол кезде біртүрлі болып қалдым. Үнемі сыртта жүреміз, үйде болмаймыз. Қазір қолым бос. Бұрын ұлымның айтқан сөзінен кейін ойланып қалдым.
Содан кейін қаңтарда ұлымды алып, 1-2 аптаға демалысқа баратын болдым. Әке мен баланың арасында байланыс болу керек. Екеуміз ашық әңгімелесеміз. Оның арманын, ойын білемін. Әйелімнің жағдайы қазір жақсы. Нұрлан есіріп кетпесін деп, Алла сынақ берді.
Соны көтеріп келе жатырмыз. Балалар да оның бәрін түсінеді. "Ана, әке" деп тұрады. Тәубе деймін. Балалар бөлек тұрады. Біз әйелім екеуміз тұрамыз. Балаларға бостандық беру керек. Бірақ үнемі естеріне салып отырамын. Олар менің әкеме, анама қалай қызмет істегенімді көрді ғой. Үлкен кісілердің батасын алып, осы деңгейге жеттім", - деді Нұрлан Абдуллин.
Сонымен қатар өнер иесі бес немересі барын айтты.
"Астанада - 1, Алматыда - 4 немерем бар. "Балалар бос па? Онда мен әкетейін" деймін. Олармен сөйлесіп, ойнатып, тамақтанатын жерге барамыз. Немерелерімнің үлкені - 11 жаста. Бәрі талантты. Бірі - билесе, екіншісі ән айтады. Таланты жарып шықса, тоқтата алмайсың ғой", - деді Нұрлан Абдуллин.