«Ханның қызы»: Гүлшара Әбдіхалықова жайлы видео түсірген тұрғын ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды
«Маршрутты тоқтатып, жолды жауып тастады. Сіз әлде ханның қызысыз ба?» деген болатын.
Экс-әкім Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл ақпаратты Қызылорда облысының Полиция департаменті растады.
«Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Өзге де ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме берген malim.kz.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың шілде айында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына іс-сапармен барған болатын. Сол кезде полиция жолды жауып, көлік қозғалысын шектеген. Бұған ашуланған қызылордалық тұрғын әкімге: «Маршрутты тоқтатып, жолды жауып тастады. Сіз әлде ханның қызысыз ба?» деген болатын.