Танымал режиссер өмірден өтті
Римас Туминас рак ауруымен күрескен.
"Соғыс және бейбітшілік" және "Маскарад" спектакльдерімен танылған 72 жастағы режиссер Римас Туминас қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Вахтангов театрының басшысы Кирилл Кроканың айтуынша, режиссер көп уақыттан бері төсек тартып жатқан көрінеді. Ракпен ауырыпты.
Римас Туминас классикалық қойылым репертуарларының авторы ретінде танылған. Көптеген уақыт Литва мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер, сондай-ақ Мәскеудегі Вахтангов театрының көркемдік жетекшісі боп қызмет атқарған.
Шығармашылық ғұмырында көптеген сыйлық және мемлекет премияларын алған. Солардың ішінде "чайка" және "алтын бетперде" атты ресейлік ең беделді театр премиясын алған.