Мәдениет

12 млн теңге: Ерке Есмахан мереке қарсаңында қандай сыйлық алғанын айтты

Раим тарту еткен сөмкенің құны 12 млн теңге.

Эстрада әншісі Ерке Есмахан халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жолдасының сыйлығын көрсетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Мейрамханада отырған суреттерін бөліскен әнші: "Рахмет, саған, жүрегім! Мені бақытты ету үшін қолыңнан келгеннің бәрін жасауға дайынсың. Бағалаймын! Birkin, 25 см. Түсі - rouge. Осы жылдың тренд түсі. Бағасы шамамен 12 млн теңге", - деп жазды Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Айта кетейік, күні кеше ғана әнші Алтынай Жорабаева да мереке қарсаңында күйеуінен келген сыйлықты бөліскен болатын.