Мәдениет

Мадина Оспанованың аборт істеткені белгілі болды

"Қазір жүктілік жоспарымда жоқ деп айта алмаймын".

Актриса Мадина Оспанова "Мамский әңгіме" бағдарламасында  ағынан жарылып сұхбат берді. Бағдарлама барысында тұрмысіршілігінен сөз еткен ол бастан өткен ауыр жағдайларын да баяндады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Маған "Енді қыз туып ал" дейді. Тіпті өз анам "Бірінен кейін бірін босанып ал. Жас кезде босанып ал. Мансапты кейін де жасай бересің" дейді. Қазір жүктілік жоспарымда жоқ деп айта алмаймын. Дайын емеспін, керек емес деп айтпаймын. Алла берсе, қуана қабылдаймын. Бір жыл бұрын аяғым тағы да ауырлады. Мен қатты қуандым. Өкінішке қарай, жүктілікті тоқтатуға мәжбүр болдым. Алла тағы берсе, мен дайынмын. Балаларды жақсы көремін. Мен керемет анамын", - деді ол сұхбатында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мадина Оспанованың 3 жасында ұлы бар. Сәбиін босанғаннан кейін актриса екі ай бойы төсекке таңылғанын айтқан болатын.