Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Музарт» триосының концертінде оқыс жағдай болды (видео)

«Музарт» триосының концертінде оқыс жағдай болды (видео)
Instagram
Қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды.

«Музарт» тобының концертінде бас гитаристтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.  

Өнер ансамблі  Қарағанды қаласында жеке ән кешін беріп жатқан болатын.

«Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүймелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда «шүкір» дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар. Ерланға көз тиген сияқты. «Қай жігіт десе, Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт» деп халық сұрайтын, – деп әзілдеді Майғазиев İnstagram парақшасындағы видеосында.

Көрермендер де кеш ортасында абдырап қалғанға ұқсайды. Майғазиев көпке түсінікті болуы үшін бәрін ашық айтуға тырысты. Әлеуметтік желі қолданушылары болса, өнер иелеріне сәттілік тілесіп жатыр.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар