8 наурызда әйелдерге жол ақысы тегін болады
"Мұндай шара елордада бірінші рет".
Астанада 8 наурызда әйелдер қоғамдық көліктердің қызметін тегін пайдалана алады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Ертең, 8 наурызда, елорданың әйел тұрғындары мен қонақтары (әйелдер) қоғамдық көлік қызметін тегін пайдаланады. Мұндай шара елордада бірінші рет жасалғалы отыр", - делінген Smart Astana хабарламасында.