Арулар

"Әжей жоспарымен бөлісті": Ақтөбеде 83 жастағы зейнеткер университетте оқып жүр,

Зауза Молдабаева ағылшын тілін үйреніп, компьютерді жетік меңгеруді мақсат етіпті.

Ақтөбеде 83 жастағы әже университетте оқып жүр. Зауза Молдабаева ағылшын тілін үйреніп, компьютерді жетік меңгеруді мақсат етіпті. Зейнет жасына келсе де үздіксіз білім алып, заманауи техниканы тілін үйреніп жүрген зейнеткер көпшілікке алға қоған жоспарын айтты,деп жазды KYN.KZ   тілшісі.

Зауза Молдабаеваның негізгі мамандығы дәрігер. Ғұмырының 41 жылын осы салаға арнап, ұзақ жылдар бойы Темір ауданында терапевт дәрігер болып қызмет істеген. Зейнетке шығып, қолы босағанда да қарап отырмай қоғамдық жұмысқа да белсене қатысыпты. «Күміс университет» туралы естігенде ойланбастан осында білім алуға келіпті.

Зауза Молдабаеваның ұл-қызын өсіріп, немере сүйіп отырған әже. Сондықтанда әженің өзі білімді болып, компьютер меңгеріп, ағылшын тілін білгені артық етпейді деп санайды. Әже курстағы елу адамның ең егдесі болғанымен сабақта өте белсенді. Қазірдің өзінде ағылшын тілін әжептеуір меңгеріп алған.

Зауза әжей секілді бұл жобамен елу шақты адам білім алып жүр. Ең жасы елу жаста. Олардың көпшілігі қаржылық сауаттылық, ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық секілді бірнеше сала бойынша білім алуда.

Кеуана әлеуметтік желіні де жетік меңгерген. Теледидар қарап, радио тыңдап елімізде әлемде болып жатырған жаңа өзгерістерден де әрқашан хабардар болып отырамын дейді.

Зауза әжей тек университетте тек білім алып қана қоймай, басқа студенттермен де жақын араласып өз білгенімен бөлісіп отырады.