Қоғам

Алматыдағы сауда үйлердің бірінде өрт шықты (видео)

20 шаршы метр аумақта жиһаз өртеніп жатқаны белгілі болды.

Алматыдағы "Жібек жолы" сауда үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды KYN.KZ Алматы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Tengrinews.kz мәліметінше, сағат 11:50-де өрт шыққан жерге жоғары дәрежедегі жедел әрекет ету күштері жіберілді. "Жібек жолы" сауда орталығының төртінші қабатындағы әкімшілік бөлмеде 20 шаршы метр аумақта жиһаз өртеніп жатқаны белгілі болды.

Оқиға орнынан адамдар эвакуацияланған.

Өрт сағат 12:13-те ауыздықталды. Өрт 12:21-де сөндірілді. Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің бутиктерін өрттен аман алып қалды.