"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары аналарға арнап ән шырқады (видео)
"Асыл аналарымызға арналады".
"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары 8 наурых халықаралық әйелдер күніне орай "Анашым" әнін шырқады. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі жазады.
Видео-ролик "Ақтөбе" командасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған.
Видеода ақтөбелік футболшылар Максим Самородов, Игорь Трофимец, Дмитрий Бессмертный, Габи Кики және Мирас Уманиязов халық әніне айналып кеткен “Анашым” жырын шырқап, аналарымен түскен фотоларын бөліскен.
Сондай-ақ, клубтың әлеуметтік желідегі жазбасында "Асыл аналарымызға арналады. "Ақтөбе” футбол клубы халықаралық әйелдер күнімен ақ жаулықты аналарымызды құттықтайды", – деп жазылған.