ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растады
Олар Ресей жерінде террорлық шабуылға дайындық кезінде өлтірілген.
ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растады. Бұл факт бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады", - делінген хабарда.
Бұл факт бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқаны айтылады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.