"Алматылық сот-медициналық сарапшы әйелді ұрды": полицейлер видеоға қатысты пікір білдірді
Жетісу облысының тәртіп сақшылары оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болғанын айтты.
Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеодағы "кейіпкері" алматылық сот-медициналық сарапшы екені мәлім болды: басылым тілшісі полицияға тиісті сауал жолдады.
Жетісу облысының тәртіп сақшылары оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болғанын айтты.
"Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаментінің жауабында.
Видеода балағат сөз бар!