Спорт

Футболшы Еркебұлан Сейдахмет әйеліне қымбат көлік сыйлады

Ізбасароваға сыйланған көліктің бағасы 25 млн теңгеден артық тұрады.

Футболшы Еркебұлан Сейдахмет әйелі Нұрсұлу Ізбасарова 8 Наурыз мерекесіне орай су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Ізбасарова Instagram-дағы парақшасында сүйіншіледі.

"Мына сыйлықты маған күйеуім сыйлады. Рахмет", - деп жазған Еркебұлан Сейдахметтің әйелі.

Видеоға қарағанда, көлік моделі - Mercedes-Benz A-Класс. Бағасы комплектациясына қарай 26 679 660 теңгеден басталады. Көпшілік оқырманы Ізбасарованы құттықтап, ізгі тілегін жазып жатыр.