Денсаулық

Психолог күйеуіне тоқал әперетін әйелдердің кемшілігі мен артықшылығына баға берді

Күйеуіне тоқал алып беретін әйелдердің психикалық күйі белгілі болды

Психолог Ержан Мырзабаев соңғы кездері трендке айналған "Күйеуіне тоқал сыйлау" әрекетіне психикалық баға берді. Оның сөзінше сау әйел, сау қарым-қатынастағы адам екінші жартысын ешкіммен бөліспейдін, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Күйеуіне тоқал әперетін әйелдің өзін-өзі бағалауы төмен деп айтуға болады. Яғни өзін плинтустан да төмен санайтын, қасиет-қадірін жоғалтып алған әйел. Екіншіден, күйеуін соншалықты жек көретін әйелдер осындай қадамға барады.

Күйеуін қаламағандықтан басқа әйел тауып беріп, құтылғысы келеді. Әйтеуір, асқа, тойға барғанда ғана жүріп, ақшасын алып, емін-еркін өмір сүруді қалайтындар. Бұл жерде күйеуі әйелінің тоқал алып бергеніне мәз болмай, өкіну керек. Демек, әйелі күйеуін сүймейді, бірге болғысы келмейді деген сөз ғой. Әйтпесе, дені сау, психикасы дұрыс әйелде сүйген адамыңды бөлісу, беру деген жоқ», – дейді психолог.