Қостанайлық өзін пышақтауға ұмтылған күйеуі 24 сағаттан кейін бостандыққа шығып, өзін өлтіріп кетеді деп қорқады
8 наурыз күні күйеуі сабаған келіншек, оны полицияға ұстатып жіберген.
Қостанай облысына қарасты Амангелді ауылының тұрғыны 8 наурыз барлық әйел сыйлық алып, шаттанып жүргенде 4 баласының әкесі өзін пышақтағанын айтты. Әйел күйеуі сермеген пышақ өзінің өмірін алып кетеді ме деп қатты шошыған. Терезеден секіріп түсіп, көршісінің үйіне барып полицияға хабарласып, көмек сұраған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мені 4 баламның көзінше ұрып соқты. Сенбесеңіздер түріме қараңыз. Полиция күйеуімді ұстап алып кеткенін қайтейін, арада аз уақыт өткенде жібере салған. Меніңше шетке шығып ақшасын алып, қояберген. Мен қайтадан полиция шақырып өміріме қауіп төндіріп жатқанын айттым. Міне қазір ғана 24 сағатқа қамады. Енді ол бір тәулікте шықса мені "өлтіремін" деп отыр. 4 Балама кім бас-көз болады? Қайда барып паналаймын? Полиция неге дұрыс жұмыс істемейді? Бір күннен кейін келіп қастандық жасауға оқталып, ашумен кірісіп тұрғанын біледі. Менің өміріме қауіп төніп тұр",-деген келіншек әйелдер құқығын қорғаушы Ләззат Рақышеваға жазған хатында.
Рақышева өз кезегінде қауқарсыз әйелдің өмірі қаіп пен қатерге толы екенін жазған. тіпті Қостанай облыстық полиция бөлімін белгілеп әйелдің амандығына кепіл болуды, дұрыс жұмыс істеулерін сұраған.