"Жер сілкінсе Айқынның үйіне": Төлепберген қос қабатты жаңа үйін көрсетті (видео)
"Жер сілкінсе, үш жерге тығылу керек ".
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген "По домам" бағдарламасында қос қабатты зәулім үйін көрсетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Баспанасын салуда аз қаражат жұмсамағанын айтқан шоу бизнес өкілінің сұхбатына қарағанда құрылыстан да әжептәуір хабары бар көрінеді.
Баспананың ауданы 340 шаршы метрді құрайды. Әр баласына жеке жеке бөлме беріп, қонақтарға арналған үлкен зал да салыпты әнші. Сондай-ақ шығармашылықпен айналысатын бөлмелері де ән айтуға ыңғайлы етіп салынған.
Үй алдына қонақтар үшін көлік тұрағына дейін қарастырылған бұл баспананы желі қолданушылары қатты ұнатқанын айтып, пікір қалдырып жатыр.
Бірі "Айқын мен Жұлдыздың шаңырағы керемет, нағыз қазақ отбасы. Балалары өнерлі. Айқынның өзінен де, сөзінен де Қазағымның иісі аңқып тұр ", енді басқа бір желі қолданушысы "Жер сілкінсе, үш жерге тығылу керек. Көк төбе, Қазақстан қонақүйі және Айқынның үйі " деп әзілдеп жатыр.