Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті неліктен қызметінен кетті?
Олжас Абраев Sport Plus Qazaqstan медиа-тобының бас директоры қызметіне сайланды.
Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Олжас Абраев басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты өз қызметінен кетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олжас Абраев Sport Plus Qazaqstan медиа-тобының бас директоры қызметіне сайланды. Сонымен қатар, Олжас Шәкенұлының Қазақстан футболындағы мол тәжірибесін ескере отырып, ҚФФ халықаралық жобалары бойынша Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде қызметін жалғастырады.
Қазақстан футбол федерациясы Олжас Шәкенұлына жаңа қызметінде табыс тілейді!