"Денесі мұздай боп жатты": Рымбаева күйеуінің төсекте оянбай қалған күнін еске алды (видео)
"Бұрын да жүрегі ауыратын".
Қазақстанның Халық артисі, әнші Роза Рымбаева жолдасы продюсер, музыкант Тасқын Оқаповтың қалай қайтыс болғанын айтып, сұхбат берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Динара Сатжанға берген сұхбаты әншінің сахнадағы 50 жылдық мерейтойымен басталды. Шығармашылығынан кейін Рымбаева өміріндегі өте қиын кезеңдер жайлы баяндай бастады. Екінші ұлына аяғы ауыз кезде ұйықтап жатқанда жолдасының жүрек талмасы ұстап қалған екен.
"Бұрын да жүрегі ауыратын. Бірақ Тасқын бұған мән бермеді. Дәрігерге қаралмады.
Әлиді 33 жасымда қолыма алдым. Кейін 9 жылдан өткен соң Мәди өмірге келді. Жүктілігімнің 6- айында күйеуім өмірден өтті. Оянғанымда денесі суық болып жатты. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ оның денсаулығы сыр беріп жүрген. Бірнеше рет микроинсульт алған.
Бұл күнді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен үшін бұл орны толмас қаза. Оның үстіне ол кезде аяғым ауыр болатын. Бірнеше рет түсік тастай жаздадым. Сол қиын кезде Әлиімді, ішімдегі баламды ойладым. Босанып, ұлымды өмірге әкелу үшін бар күш-жігерімді жұмсадым. Сол күннен бері мен өнер үшін емес, екі балам үшін өмір сүріп келемін", - деді әнші.