Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаев Нүкенованы кетіп қалса қорқыту үшін, порнографиялық видеоға түсіріп алған

Бишімбаев Нүкенованы кетіп қалса қорқыту үшін, порнографиялық видеоға түсіріп алған
Инстаграм фото
Бірінші күнгі сотта ауыр қылмыстың төңірегінде тың деректер айтылды

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот залына Бишімбаевтың анасы мен оның қорғаушылары кірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен басқа да туыстары келді. Оқиға орнында Нүкеновтердің мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Уразбахова да бар.

Stan.kz порталының мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, видеодағы сен емес пе деп сұрап, қысым көрсеткен. 

Сондай-ақ Салтанаттың өзін кетіп қалса қорқыту үшін порнографиялық видеоға түсіріп алған.

Прокурор сотталушының Салтанаттың артынан қалмай, оның көңілін өзіне аударып, соңы үйленген. Алайда дүркіретіп той жасағанымен, ерлі-зайыптылар заңды некеге тұрмаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен. 

“Жәбір көрсетіп, менмендік танытқан. Достарымен араласуға тыйым салып, желідегі хабарламаларын жіті бақылап отырған. Бишімбаев Салтанатты өзіне қаржылық тұрғыдан тәуелді ету үшін оған табысты жұмыспен айналысуға тыйым салған”, – дейді Айдан Аймаганбетова.

Ал Бишімбаев өз кезегінде өзінің қатты қызғаншақ адам екенін айтып ақталды. Сондай-ақ ол әйелі өзінің көзіне шөп салып жүр деп күдіктенген. 

Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.

Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың қатты мас боп, есірткіге мас болғаны туралы да жазылды. Кейін ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар