Қоғам

Бишімбаевтың сотында мемайыптаушы қайғылы жағдай болған түні оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді

Мемайыптаушы: Бишімбаев қасақана Салтанаттың маңызды ағзаларына ауыр соққы жасап, қылқындырып талдырған

Сот алды тыңдау кезінде айыптаушы тарап Нүкенова қайтыс болған түні жағдайдың қалай өрбігенін айтып берді. Өз кезегінде Қуандық Бишімбаев айыптаумен мүлде келіспейтінін айтты,деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Олар сол күні кешке концертте болған. Концерт болып жатқан кезде Бишімбаев ұрыс бастайды. Осы ұрыс басталғаннан кейін екеуі концерт болып жатқан жерден шығып кетеді. Ұрысты жалғастырып, жаяу мейрамханаға қарай бет алған.

Мейрамханада Бишімбаев спиртті ішімдік ішкен. Сол жерде Нүкенова мұндай қарым-қатынастан шаршағанын және нақты әрі соңғы шешім қабылдап, одан кететінін айтқан. Нүкенова өз шешімі жайлы ағасына хабарлап, сол түні оның үйіне қонуға баратынын жеткізген",-деді өз сөзінде прокурор.

Ішімдікке масайған Бишімбаев оны сол жерде соққыға алған. Нүкенованың басына ауыр соққы тиіп құлаған. Бишімбаев оны тепкінің астына алған. Салтанат қорғану мақсатында вип бөлмелердің біріне кіріп есікті кілттеп алған. Ашуға мінген Бишімбаев есікті бұзып кіріп, тағы да ауыр соққылар берген.

"Бишімбаев есікті бұзып кіріп қасақана Салтанаттың өміріне қауіп төндіретін соққыларды маңғызды ағза-мүшелеріне жасаған.Соңында Бишімбаев оны тамағынан ұстап қылқындырып, талдырып тастаған. Содан ол есінен танып құлаған",-дейді мемілекеттік айыптаушы.