"Абайсызда адам өліміне әкеп соғу": Бишімбаевтың адвокаты істі басқа бапқа өзгертуді сұрады
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Бұрынғы министр Бишімбаевтың адвокаты сот залында істі "кісі өлтіру" бабынан "абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабына ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қорғаушысы Бишімбаевтың әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігіне "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" өзгертуді сұрады. Бұрынғы министр өз әрекеті жәбірленушінің өліміне әкеледі деп ойламаған көрінеді.
"2023 жылғы 9 қарашадағы оқиғаға дейін жәбірленушінің миы зақымдануы осындай салдарға жеткізуі мүмкін екенін көрсетеді (өлім - редактордың ескерт.) - сотталушы білмеді және созылмалы субдуральды гематома түріндегі қыздың патологиясы туралы білмеген, өйткені бұған дейін миы зақымдалған", - дейді Қуандық Бишімбаевтың адвокаты.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды. Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.