Қоғам

Сүйіктісіне Парижде ұсыныс жасаған Тайжан күтпеген жерден Франция Президентімен кездесіп қалды

Тайжан 11 наурызда сүйіктісіне үйленуге сөз салған.

Forbes Қазақстанның "30 жасқа дейінгі 30" тізіміне енген қазақстандық инженер Санжар Тайжан Париждегі Эйфель мұнарасының жанында сүйіктісіне үйленуге сөз салды. Қос ғашықты Франция президенті Эммануэль Макрон құттықтады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

İnstagram парақшасында бөліскен видеосында Санжар Макронға сөз байланысқандарын айтып, сүйіктісін де көрсетеді.

"Біз қазір үйленуге шешім қабылдадық, жүзік тақтым, біз Қазақстаннанбыз", - дейді ол. Макрон болса, жастарды құттықтап, Қазақстанда екі рет болғанын айтады.

Арада аз уақыт өтпей, президентті жолықтырған екен.  

Айта кетейік, жас инженер Санжар Тайжан былтыр ағылшын студенттерінен (University of Warwick - Уорик университеті) жасақтаған командасымен бірге әйгілі Илон Масктің компаниясы ұйымдастырған турнирде финалға өтіп, жеңіске жеткен болатын. Ол вакуумды пойыздар (АҚШ-та Hyperloop) жүруге арналған тоннель ұңғитын бұрғылау технологиясы туралы жобаны ұсынған еді.