Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әке-шешеміздің жүрегіне ауыр тиеді": Нүкенованың ағасы порнографиялық видеоға қатысты мәлімдеме жасады (видео)

"Әке-шешеміздің жүрегіне ауыр тиеді": Нүкенованың ағасы порнографиялық видеоға қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Коллаж: KYN.KZ
"Салтанат неге кетіп қалмаған?" деген сұрақ көп болды - Айтбек Амаенгелді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысынан шыққанын хабарлаған ағасы Айтбек Амангелді өзінің İnstagram әлеуметтік желісіне порнографиялық видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Қайырлы кеш баршаңызға. Біз қазір ғана шықтық соттан. Иә сіздердің көкейдеріңізде де көп сұрақ болғанын білем. Біз бұрын бұны ашып айта алмадық. Айта алмадық емес, айтқымыз келмеді. "Салтанат неге кетіп қалмаған?" деген сұрақ көп болды. "Кетіп қалса да, қазанда неге қайтып келген?" деген сияқты. Мен үшін де бұл үлкен сұрақ болған болатын. Бұл сұраққа жауапты қайтыс болған соң ғана ала алдым. Бишімбаевтың жазып алған видеосынан кейін. Бұны айтқымыз келген жоқ. Өйткені алдымен жақын туыстардың, әке-шешеміздің жүрегіне батады деп ойладық. Өйткені олардың орны ерекше мен үшін" деп сөзін аяқтады. 

Еске салсақ, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынған.

Бүгін Астана қаласында сот отырысы өтті. Сот залында адвокат Бишімбаевтың әйеліне ай сайын 5-6 млн теңге аударып отырғанын және қасақана емес, абайсызда кісі өлтіру бабын қарастыруды ұсынды. 

 Сот залына журналистер мен туыстары, қоғам белсенділері кіргізілмеді.  
 

 

Admin
Автор

Admin

Админ

Ұқсас жаңалықтар