Мәдениет

"Тұрмысқа шықпаймын": сүйіктісі барын айтқан Шахизада жеке өмірі жайлы мәлімдеме жасады (видео)

Шахизада: "Бірақ тұрмысқа шықпаймын. Әйел болғаннан кейін қасыңда сүйіктіңнің болғанына не жетсін?! "

Танымал шоу бизнес өкілі Шахизада сүйіктісі бар екенін мәлемдеді.  "Махаббатпен сырласу" бағдарламасына сұхбат берген әнші осылайша жалғыз емес екенін жария етті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іс-сапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Уақыт табуға, бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін", – деген әнші өмірлік серігін жолыөтырғанын жасырмады.

Шахизада  өзі үшін өмір сүретінін, десе де отбасын құруға әлі дайын емес екенін атап өтті. "Бірақ тұрмысқа шықпаймын. Әйел болғаннан кейін қасыңда сүйіктіңнің болғанына не жетсін?! Өнер адамдарының бәріне махаббат керек. Махаббат болса керемет әндер дүниеге келеді. Менің репертуарым да махаббат туралы әндермен толықты", - деді әнші сұхбатында.