Қоғам

Атырау тұрғыны бірнеше рет жаңа туған балаларын сатқан

Әйел ақысын алып, баласын беруге уәде етіп, қашып кеткен кезде сатып алушы құқықтық орган қызметіне жүгінген.

Атырауда жаңа туған нәрестені сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты сот үкімі күшінде қалды, - деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 адамға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

Сот үкімі бойынша, сотталушы С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Қалған төрт сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Уақыт өте келе, әйел қайтадан жүкті болып, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен қылмыстық ой туындап, басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда, олардың ақшасын алып, ізін суытқан.

Іс апелляцияда сотталғандар және адвокаттардың апелляциялық шағымдары бойынша қаралған.

дереккөзі:Tengrinews.kz