Мәдениет

"Үшеуміз шәй ішкен емеспіз": Рымбаева Жүнісова мен Нағима жайлы пікірін айтты (видео)

Роза Рымбаева: "Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз".

Танымал өнер жұлдызы Роза Рымбаева өзінің замандас әріптестері Нағима Есқалиева мен Мақпал Жүнісова жайлы пікірін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Мақпал Жүнісова жайлы Есқалиеваның "Мақпал халық артисі емес" деген пікіріне келіспейтінін айтқан әнші Мақпалдың халық алдында өз орны бар екенін айтып, оның сұранысқа ие өнер адам екенін жеткізді.

"Нағиманың 70 жас мерейтойында “Мақпал халық әртісі емес” деген сөз тарады. Нағима олай айтпай-ақ қою керек еді. Ол халық әртісі, халықтың сүйіктісі. Ол бізге қарағанда анағұрлым сұранысқа ие әнші. Қандай ән таңдау керек екенін, оны кімге шырқау керек екенін біледі. Ол өз ісінің нағыз шебері.

Үшеуміздің де сахнада жүргенімізге 50 жылдай уақыт болды. Бізде өзара сыйластық болу керек. Мен екеуінде қатты жақсы көремін. Нағиманың да, Мақпалдың да дауысы мен сұлулығына тәнтімін. Олармен жақын араласатыныма қуаныштымын. Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз, бағытымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз "Гүлдер" ансамблінен бері келе жатыр", – деді әртіс Динара Сәтжанға берген сұхбатында.