Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікті әйелдің суреті жарияланды
Павлодар облыстық полиция департаменті алаяқтық жасады деп күдікке ілінген әйелдің суретін жариялады.
Павлодар облыстық полиция департаменті жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық жасады деп күдікке ілінген әйелдің суретін жариялады. Әйелге алданып қалған жәбірленушілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
«Халықтыңназарына! Бұл азамат жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, басқа жәбірленушілер де анықталуда. Оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен немесе осы фактілер бойынша қандай да бір ақпаратқа ие кез келген адам полицияға 8-707-916-17-17 немесе 102 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласа алады», – деп жазылған хабарламада.